04-01-24 |
5020 рет қаралған
«Майқайың алтыны» аумағында құлаған автобус: екі адамның денесі табылды.
«Майқайың алтыны» аумағында құлаған автобус: екі адамның денесі табылды

Баянауыл ауданында орналасқан шахтаның жанындағы шұңқырға автобус құлап кетті. Қаза тапқан екі адамның денесі анықталды, көлікте төрт адам болған.

Оқиға 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында «Майқайың алтыны» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлаған. Алдын ала  болжам бойынша, құлаған аумақтың ұзындығы – 150-200 м, ені – 500 м, тереңдігі –150 м.

Белгілі болғандай кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші екені белгілі болды.

«ТЖД құтқарушыларының күшімен құмнан қаза тапқан екі жолдасымыздың денесі табылғанын өкінішпен хабарлаймыз. Оларды жер бетіне көтеру жұмыстары жүргізілуде. Автобус табылмады, іздеулер жалғасып жатыр», – делінген ПВАССС РО хабарламасында.

Жедел штаб ұйымдастырылды. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы бар. Психологтар жұмыс істеп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.