25-07-24 |
5320 рет қаралған
«Майқайыңалтын» кен орнындағы автобус жарты жылдан соң әрең табылды.
«Майқайыңалтын» кен орнындағы автобус жарты жылдан соң әрең табылды

Майқайың кен орында шұңқырға құлап кеткен құтқарушылардың автобусы алты айдан астам уақыт өткен соң әрең табылды.

Тағы бір құтқарушының денесі әлі табылған жоқ.

Жарты жылдан астам уақыт бұрын жер астына құлап кеткен тау-кен құтқару автобусы кеше кешкісін қазу жұмыстары кезінде табылды, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін таңғы сағат 05:00-де жұмысқа қолайсыз жағдайдан кейін іздеу жұмыстары қайта жалғасты – іздеушілер автобустың алдыңғы жағына жетіп үлгерді, ол жерден бампер мен дөңгелегінің беткі жағы көрінді.

55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. «Майқайыңалтын» АҚ тау-кені ауданында опырылған жерде іздеу жұмыстары жалғасуда.

Құтқарушылар мінген автобус үстіміздегі жылдың 4 қаңтарында түнде түтін туралы қоңыраудан кейін шахтаға бет алған кезде шұңқырға құлап кеткен. Екі адамның мәйіті оқиғадан кейін көп ұзамай табылса, үшінші құтқарушының мәйіті өткен аптада табылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.