19 маусым күні, Қарақия ауданындағы Болашақ шекара маңындағы теміржол станциясы маңынан дрон табылған.
Маңғыстау облысы полиция департаменті аумақта табылған ұшатын нысанға қатысты пікір білдірді.
Полиция мәліметінше, ұшатын аппарат елді мекендерден алыс, оқшау жерде табылған. Оқиға салдарынан ешқандай зардап келтірілмеген.
– Барлық мән-жайлар анықталып жатыр, – деп қысқаша хабарлады құқық қорғау органдары.
Сурет: Lada.kz