Маңғыстау облысы әкімдігі алдында өзін өртеген ер адам қайтыс болды. Аталған жайтты Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Руслан Бекібаев растады.
Оның айтуынша, науқас 17 желтоқсан күні таңғы сағат 9-да есін жимастан қайтыс болған. Ол 12 күн жансақтау бөлімінде жатты.
«Оның денесінің 98 пайызын термиялық күйік шалған. Ауырсынуды сезбес үшін оны емдік ұйықтаттық. Бірақ кейін қан қысымы түсіп кетті, оның үстіне күйік шалығы әсер етіп қайтыс болды», – деді Бекібаев.
Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. айтуынша, И. О. Қорғаныс министрлігінің бас дәрігері өрт қою, жол-көлік оқиғасы, ұрып-соғу сияқты жағдайларды қылмыстық деп танып, марқұмдардың мәйіттерін сот-медициналық сараптамаға тапсырады.