03-04-24 |
2360 рет қаралған
Маңғыстау облысында газ жарылып бір адам қайтыс болды.
Маңғыстау облысында газ жарылып бір адам қайтыс болды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жер үйдің қолдан жасалған жылыту қазандығында газ жарылды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлады.

Оқыс оқиға 3 сәуір күні түнде болып, адам шығын тіркелген.

«Жарылыстан Бейнеу ауылындағы үйде бір адам қайтыс болды. Жедел жәрдем зардап шегушіні ауруханаға жеткізгенімен, өлімнен арашалап қала алмады. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне оқиға туралы ТЖ қызметінің қызметкері хабарлады. Апат орнына келген бригада жеке үйде қолдан жасалған жылыту газ қазандығы орнатылғанын анықтады. Оқиға туралы аудан әкімдігі мен полицияға хабарланды. Алдын ала мәліметтер бойынша, газ ауа таралған. Бұған дейін аталған үйге РҚКО осы жабдықты ауыстыру туралы ескерту берген болатын. Алайда үй иелері бұл ескертуді елемеді. Жазатайым оқиғаның себептері сараптама нәтижелері бойынша анықталатын болады», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.