7 қыркүйек күні Маңғыстау облысында сарбаз оқу-жаттығу жиынында ауыр жарақат алып, қайтыс болды.
Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Оймаша» полигонында өтіп жатқан жиын кезінде орын алған.
Қазір қайтыс болған сарбаздың ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.
«7 қыркүйекте «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің «Оймаша» полигонында өтіп жатқан жиыны кезінде қаруды пайдалану ережелерін бұзу нәтижесінде лагерь бойынша кезекші қарауыл лейтенанты ПМ 9 мм тапаншасынан рұқсат етілмеген оқ атып, ол оқ қатардағы жауынгердің бетіне тиіп, қайтыс болған еді, – деп хабарлады Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.