Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында қанаттарына мұз қатқан қоқиқаздар суреті желіге тарап кетті. Сурет авторы құстардың аязда қатып қалғанын айтқан.
Жолдағы қоғиғаздар суреті желіге 24 ақпан күні салынған. Автор мал іздеп, Бейнеу ауданындағы Сарша темір жол бекетіне барғанын жазған.
«Олардың осындай аяздан қатып қалғаны байқалады. Мен оларға үш метр қашықтыққа дейін жақындаған кезде, олар үлкен қиындықпен ұшуға тырысты», – деді сурет авторы.
Сонымен қатар қала тұрғындары Қаракөл көлінде де қоқиқаздарды суреттке түсірді. Олар Rixos қонақ үйінің артында, жолға жақын, жағалауларға топтасып жиналады.
Қызғылт қоқиқаздар Қаракөлдегі суыққа төзімді, өйткені су МАЭК-тің жылу электр станцияларынан шығарылады және ол жылы болады.
Қаракөл көліндегі қоқиқаздардың қыстағанын қала тұрғындары бірнеше жылдан бері бақылап келеді.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024