Мақаншы ауданы денсаулық сақтау мекемесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.
Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды.
Сонымен қатар, ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері орын алған.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024