arasha.kz

Марқұм Шерзат Полаттың ағасы өлі күйінде табылды

Талғардың шетінде марқұм Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды.

Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған.

«Марқұм осы жылдың 4 қазанында қайғылы қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Осы кезеңде қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады», – делінген полиция таратқан мәліметте.

Марқұм Ш. Полаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болған. Марқұмның отбасына қандай да бір қауіп-қатер тіркелмеген.

«Күзетті жүзеге асырған қызметкерлердің түсіндірмелерінен ер адамның күзетілетін объектіден сағат 23:30-да шығып, жеке автокөлікпен кеткені анықталды», – делінген хабарламада.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Exit mobile version