10-01-25 |
490 рет қаралған
Мас жолаушы пойыз тамбурының әйнегін сындырып 300 мың теңге айыппұл арқалады.
Мас жолаушы пойыз тамбурының әйнегін сындырып 300 мың теңге айыппұл арқалады

Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Орал-Астана» бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде Қостанай облысының 48 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Тексеру барысында алкогольдік ішімдікке сылқия тойып алған азамат тамбур есігінің әйнегін сындырғаны анықталды. Сонымен қатар, құқықбұзушы билік өкілдерінің заңды талаптарына қарсылық танытқан.

Көлік полицейлері жолаушыны Ақтөбе облысы Әйтеке би станциясында акт бойынша пойыздан түсіріп алып, полиция бөлмесіне жеткізді.

Оған қатысты алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, материал сотқа жолданды.

Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған 85 АЕК (334 220 теңге) айыппұл салынды.

Анықтама үшін: 2024 жылы түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін акт бойынша жолаушылар пойыздарынан 698 азамат түсірілді, оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 672, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 17 және т.б.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.