Біз
әлеуметтік
желіде
29-04-25 |
60 рет қаралған
Мәсімовтың конфискацияланған элиталық қонақ үйі Астана әкімдігіне беріледі.
Мәсімовтың конфискацияланған элиталық қонақ үйі Астана әкімдігіне беріледі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтың конфискацияланған элиталық қонақ үйі Астанада әлеуметтік мақсаттар үшін пайдаланылатын болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«2025 жылғы 18 сәуірде «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел ықшамауданы, Ерейментау көшесі, 1-үй мекенжайында орналасқан жертөлелі тұрғын үйді электрондық сауда арқылы сату туралы хабарлама жариялады. Нысанның бастапқы бағасы 1 685 115 000 теңге болды. Алайда басқарушы компанияның атына Астана қаласы әкімдігінен аталған жылжымайтын мүлікті қаланың әлеуметтік қажеттіліктерін өтеу мақсатында беру туралы ресми сұраныс түсті. Әлеуметтік маңыздылығын және заңнама талаптарын ескере отырып, нысан электронды сауда жоспарының тізімінен алынып тасталды», – деп хабарлады «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметінше, үйдің әрі қарайғы пайдаланылуы жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен анықталады.

Аталған қонақ үй бұған дейін ақпанда, наурызда және сәуірде бірнеше рет саудаға шығарылған болатын.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.