10 сәуір күні Мәскеудегі моншалардың бірінде Қырғызстанның тумалары мен азаматтарын қатыгездікпен ұстау оқиғасы орын алды. Бұл туралы видеоны депутат Жанар Акаев жариялады.
Хабарланғандай, ер адамдардан құжат сұрамай-ақ, оларды бірден ұрып-соға бастаған.
Осы оқиғадан кейін Ресейдің Қырғызстандағы елшісі Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оған нота тапсырылды.
«Ресей тарапына құқық қорғау органдары жүргізген іс-шаралардың негіздері туралы ақпарат беру туралы ресми нота табысталды», – делінген хабарламада.