Біз
әлеуметтік
желіде
29-03-25 |
390 рет қаралған
Меркеде жер сілкінісінен кейін балабақша жабылды.
Меркеде жер сілкінісінен кейін балабақша жабылды

Меркі ауылындағы «Балдаурен» балабақшасының меңгерушісі Эльмира Қакибаева балабақша қабырғаларында жарықшалар пайда болғанын айтты. Бұл туралы Orda.kz мәлімдеді.

Оның айтуынша, жер сілкінісінен кейін ясли-балабақша жабылған, ғимарат апатты деп танылды. Барлық балалар Мерке ауданының басқа мекемелеріне бөлінеді.

Балабақша 2012 жылы пайдалануға берілген, онда 280 бала тәрбиеленген.

28 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды. Оны ең қатты Мерке және Құлан ауылдарының тұрғындары сезінді: біріншісінде жер дүмпуінің күші 5 балл, ал екіншісінде 4 балл болды.

Фото: Орда сайты

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.