7 мамыр күні Сарыағаш ауданына қарасты Жібек Жолы ауылында 75 жастағы ер адамның бөлшектенген мәйіті табылды. Қылмысты көрші елден келген шетелдік азамат жасады деген күдік бар.
Хабарламаға сәйкес, мигрант қарияның басын, қол-аяғын және жыныс мүшесін кесіп алған. Оқиғадан кейін ол өзі полицияға хабар бергені айтылуда.
«Айтуынша, ол көрші елден келген. Мұнда жұмыс істеген, бір әйелдің үйінде тұрған. Сол әйелмен ұрсысып, кетіп қалған. Содан кейін көше бойында жүріп, әлгі қариядан су сұраған. Қария бермей қойыпты. Сол кезде ол шалға күрекпен соққы жасап, кейін денесін бөлшектеп тастаған», — дейді ауыл тұрғындары.
Түркістан облысының Полиция департаменті әзірге ресми пікір берген жоқ.