Біз
әлеуметтік
желіде
27-05-25 |
1270 рет қаралған
Мұғалімді балағаттап оқудан шығарылған Назарбаев мектебінің оқушысы ауруханаға түсті.
Мұғалімді балағаттап оқудан шығарылған Назарбаев мектебінің оқушысы ауруханаға түсті

23 мамыр күні Алматыдағы Назарбаев мектебінің 11-сынып оқушысы бақылау жұмысы кезінде телефонымен ұсталып, мұғалімді балағаттаған. Осы оқиға үшін педагогикалық кеңес оны мектептен шығаруға шешім қабылдаған.

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бұл шешімге қарсы пікір білдіріп, оқушының құқықтарының бұзылғанын айтып, мектеп шешімін заңсыз деп бағалады.

НИШ басқарма төрағасы Ануар Жанғозин оқушының мұғалімді көпшіліктің көзінше балағаттап, бұрын да тәртіп бұзғанын алға тартып, шығаруды орынды деп есептейтінін айтты.

Кейін оқушы видеоүндеу жолдап, кешірім сұрап, оқуды аяқтауға мүмкіндік беруді өтінді. Ата-анасы орыс тілін білмегендіктен, шығару құжатына не қол қойғанын түсінбеген.

Депутат Мурат Абенов те шешімді заңсыз деп, баланы білімнен айыруға ешкімнің құқығы жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, оқушы мектепке өз күшімен түскен және үлгерімі жоғары болған.

Қоғам белсендісі Аида Букаева баланың жүйкесі сыр бергенін, бес күн бойы тамақ ішпей, ауруханаға түскенін хабарлады.

Оқиғаға білім және ғылым министрі Ғани Бейсембаев араласып, жағдайды Балалар құқықтарын қорғау комитеті мен аумақтық департамент бақылауына алғанын айтты. Министрлік педагогтың абыройын қорғауды қолдаса да, НИШ-тің шешім қабылдауда адамгершілік пен кәсіптік жауапкершілік танытатынына үміт білдірді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.