Назарбаев университетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, студент қыз жатақханада көз жұмған.
«Терең күйзеліспен университет жатақханаларының бірінде орын алған қайғылы жағдай туралы хабарлаймыз. Біз орны толмас қазаны бірге бөлісіп, марқұмның отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қазіргі таңда жағдай бақылауда: қажетті жедел шаралар жүргізілуде, құқық қорғау органдары мен психологтар жұмыс істеп жатыр», – делінген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.
Уәкілетті органдар мен университет расталмаған немесе жалған ақпарат таратпауға шақырады.
«Осыған марқұмның туыстары да үндейді – олар бұл қайғылы оқиға жайлы БАҚ, блогерлер, чаттар мен пабликтер арқылы ақпарат таратпауға өтініш білдіріп отыр. Баршаңызды отбасының және жақындарының сезіміне құрметпен қарауға шақырамыз», – деп толықтырды хабарламада.