arasha.kz

Нүкенованың адвокаты Бишімбаев 20-25 жылға сотталады деген болжам жасады

Нүкеновтер отбасының адвокаты Жанна Оразбахованың айтуынша, экс-министр Қуандық Бишімбаев 20 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

“Өмір бойына соттау үшін бірауыздылық қажет, бұны негізінен, математикалық тұрғыдан болжау қиын. 20-дан 25-ке дейін менің болжамым», – деді Оразбахова.

Ол барлық алқабилердің бірауыздан дауыс беруімен, яғни 10-нан 10-ның дауысымен сот бұрын сотталғандығы мен қылмыстың ерекше қатыгездікпен жасалған қауіпті қайталану сипатын ескере отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Оразбахова бұл туралы сот отырысының жабық бөлімінде талқыланғандықтан, прокурордың қандай жаза сұрағанын айта алмайтынын баса айтты.

Еске сала кетейік, бүгін, 13 мамырда Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Бишімбаевқа қатысты сот үкімі шығады деп күтілуде.

Exit mobile version