Іздеудегі адамның карточкасы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болды.
«Нығматулин Арғын Зайруллаұлы. Іздеуде: 0 күн. Туған күні: 1955 жылғы 28 маусым, жынысы: ер, Қазақстан Республикасының азаматы, қазақ. 2025 жылғы 3 наурызда «Астана» өңірінде тіркелген іздестіру ісі», – делінген карточкада.
Іздестіруді бастаушы орган – прокуратура. Іздеу жүргізетін орган – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Фото: gov.kz