Волейбол федерациясының үздіксіз президенті болған Нұртай Әбіқаев қызметінен кетті.
Алматыда Қазақстан волейбол федерациясының есеп беру-сайлау конференциясы өтіп, онда Мәди Тәкиев ұйымның 2024-2028 жылдар аралығындағы жаңа президенті болып сайланды. Ол бұл қызметте Нұртай Әбіқаевты алмастырды.
Нұртай Әбіқаев 1998 жылы сәуірде федерацияның кезектен тыс есеп беру-сайлау конференциясында бірауыздан басшы болып сайланғалы бері 26 жыл бойы федерацияны үздіксіз басқарып келді. Ол кезде Әбіқаев Иманғали Тасмағамбетовтың орнын басқан болатын.