12-03-25 |
750 рет қаралған
Облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы парамен ұсталды.
Облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы парамен ұсталды

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысын әшкерелегендерін мәлімдеді.

Шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Тергеу жалғасуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.