Біз
әлеуметтік
желіде
28-03-25 |
410 рет қаралған
Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты.
Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты

Қайғылы оқиға 27 наурыз күні жергілікті уақытпен шамамен 00:30-да Кёнгидо провинциясындағы Сохэан жылдамдықты автомагистралінде орын алды.

Korea JoongAng Daily басылымының мәліметінше, қазақстандықтар отырған «Mercedes-Benz» маркалы көлік Хвасон қаласы маңындағы эстакада жоғары жылдамдықпен қоршауға соғылған.

Соққыдан кейін көлік бірнеше метр биіктіктен құлап, бірден отқа оранған. Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті шамамен жарты сағатта сөндіргенімен, жолаушыларды құтқару мүмкін болмады. Автокөлік қалдықтарының арасынан төрт ер адамның денесі табылған.

Қаза болғандардың тұлғасы әзірге анықталған жоқ. Жергілікті полиция апаттың нақты себептері мен мән-жайын зерттеп жатыр. Оңтүстік Корея билігі Қазақстан дипломаттарымен бірлесе отырып, марқұмдарды сәйкестендіріп, олардың туыстарымен байланыс орнату жұмыстарын жүргізуде.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.