Оңтүстік Кореяның әскери ұшағы кездейсоқ бірнеше авиабомбаны Пхочхон қаласындағы тұрғын үйлерге тастап жіберді, салдарынан кемінде жеті адам жарақат алды. Бұл қала КХДР шекарасына жақын орналасқан.
Yonhap агенттігінің мәліметінше, салдарынан ауылдағы бірнеше құрылыс қираған.
AFP агенттігі Оңтүстік Корея ӘӘК-не сілтеме жасап, бір жойғыш ұшақ жаттығу кезінде сегіз бомбаны кездейсоқ тастап, бейбіт тұрғындардың зардап шеккенін хабарлады.
«KF-16 әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшағынан MK-82 үлгісіндегі сегіз жалпы мақсаттағы бомба белгіленген полигоннан тыс жерге түсіп кетті», – деп мәлімдеді әскерилер. Олар бұл оқиғаға байланысты терең өкініш білдіретінін айтты.
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні Оңтүстік Корея мен АҚШ Пхочхондағы полигонда Солтүстік Корея шекарасына жақын жерде бірлескен жауынгерлік жаттығу өткізген.
Оған 160-тан астам әскери техника, оның ішінде танктер, тікұшақтар мен жойғыш ұшақтар жұмылдырылған.