23-01-25 |
500 рет қаралған
Оңтүстіктен Астанаға есірткі жеткізбек болғандар ұсталды.
Оңтүстіктен Астанаға есірткі жеткізбек болғандар ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанның оңтүстік облыстарынан Астанаға есірткі жеткізудің өңірлік арнасының жолын кескенін мәлімдеді.

«Есірткі тасымалдау кезінде «наркокурьер» ұсталды. Көлікті тексеру барысында 45 кг гашиш пен 312 кг марихуана табылып, тәркіленді. Бұдан өзге, тінтулер нәтижесі бойынша қосымша 1,6 тонна марихуана, сондай-ақ 1 кг гашиш тәркіленді», – делінген хабарламада.

Есірткі Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көтерме және бөлшек саудаға арналған екені белгілі.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.