09-04-24 |
2530 рет қаралған
Оқушылар мектеп компьютері арқылы букмекерлік кеңселерге еркін кіріп отырған.
Оқушылар мектеп компьютері арқылы букмекерлік кеңселерге еркін кіріп отырған

Бейнеу ауданының прокуратурасы аудандық білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тексеру жүргізді.

Компьютерлік сыныпты тексеру барысында мектеп оқушыларына арналған компьютерлерде интернет желісіне кедергісіз қол жетімділігі бар екендігі анықталған.

«Интернет браузерде іздеу жүйесінің мұрағатынан зиянды, соның ішінде букмекерлік кеңсенің парақшалары табылды. Компьютерлерде «Балалар сүзгісі» секілді, күдікті интернет-ресурстарды кілт сөздер арқылы автоматты түрде анықтау және бұғаттау бағдарламалары орнатылмаған», – делінген хабарламада.

Анықталған заңдылықты бұзушылықтарды жою мақсатында облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне қадағалау актісі енгізілді.

Нәтижесінде білім беру мекемелерінің 24 директоры ҚР ӘҚБтК-нің 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, қауіпті интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелді, 16 607 оқушының құқықтары қорғалды.  

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.