22-07-24 |
4600 рет қаралған
Орал қаласының әкімі қызметінен кетті.
Орал қаласының әкімі қызметінен кетті

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында хабарлады.

Әкім денсаулығына байланысты қызметтен кеткенін айтты. Жергілікті «Уральская неделя» басылымы Сатқанов жыл басында инсульт алған деп жазды. Сәуірдің аяғынан бері оның міндетін 31 жастағы орынбасары Азамат Халелов атқарған.

«Денсаулығым сыр беріп, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенмін. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны орын алып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім», –  деп жазды ол желіде.

47 жастағы Миржан Сатқанов Орал әкімдігін 2022 жылғы сәуірден бастап басқарды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.