21-04-24 |
5310 рет қаралған
Оралда Жайықтың деңгейі қауіпті шектен асып кетті.
Оралда Жайықтың деңгейі қауіпті шектен асып кетті

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 21 сәуір таңғы сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, өзен деңгейі облыс орталығындағы гидробекетте бір тәулікте 24 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шектен (850 см) асып кетті.

Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 902 (+3, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 833 (+29, 850 см), Тайпақта 514 (+10) сантиметрді көрсетті.

Сондай-ақ Көшім каналындағы су деңгейі 824 сантиметрге (+11, қауіпті шегі – 800 см) жетті.

Шаған өзені деңгейі Чувашин ауылында 731 (+18, қауіпті шегі – 1 300 см) сантиметр болды.

Бәйтерек ауданы Рубежка өзені деңгейі 946 см (+3) болып, қауіпті шекке (1 мың см) жақындады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.