Оралда жүкті келіншек мінген жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөлік жол айрығында соқтығысты.
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдем көлігі Бәйтерек ауданының Даринский ауруханасына тиесілі екенін хабарлады.
«Олар машинада жүкті әйелді алып бара жатқан. Ол кардиологтің кеңесіне мұқтаж болған, сондықтан оны аурухана медбикесінің сүйемелдеуімен облыстық кардиологиялық орталыққа алып келді. Арнайы көлік сиренамен жүрді, дегенмен жүргізушілердің бірі жедел жәрдем көлігін жібермей соқтығысты. ЖКО салдарынан жедел жәрдем бүйіріне аударылды», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Салонның ішінде болған жүкті әйел мен медбике кішігірім жарақаттар алған. Тағы бір жедел жәрдем бригадасы келіп, жүкті әйелді медбикемен бірге облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді.
«Мұнда жүкті әйел тексерілді, әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, шарана да зардап шеккен жоқ. Соған қарамастан, ол ықтимал жағымсыз салдардан аулақ болу үшін жүктіліктің кезеңі 35-36 аптаны құрайтындықтан, үнемі медициналық бақылау үшін ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші жарақат алған жоқ», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.