07-02-25 |
610 рет қаралған
Орман қоры мақсатсыз пайдаланылған.
Орман қоры мақсатсыз пайдаланылған

Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы мемлекеттік орман қорының нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын 44 жер учаскесін анықтаған.

Орман қорының экотуризмді және сауықтыру қызметін дамыту үшін берілген учаскелерін орман пайдаланушылар өртке қарсы санитарлық нормаларды сақтамай, сондай-ақ орман ресурстарын ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және орман экожүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды орындамастан жеке мақсаттарда пайдаланды. 

«Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жануарларына іс жүзінде иелік етпейтін және агроөнеркәсіптік кешенге қатысы жоқ адамдарға шөп шабу және мал жаю үшін орман қоры жерлерін негізсіз берудің 43 фактісі анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша ауданы 20 мың гектардан асатын орман қорын пайдалану бойынша 60 шарт бұзылды», – делінген хабарламада.

Уақтылы қабылданған шаралар жердің деградациясы мен шөлейттенуіне, сондай-ақ аймақтың биоалуантүрлілігінің нашарлауына әкелетін орманды ұтымсыз пайдалануыналдын алды.

Орман қоры жерлерін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.