21-08-22 |
2080 рет қаралған
«Орыс әлемінің» идеологы Александр Дугинге қастандық жасалды.
«Орыс әлемінің» идеологы Александр Дугинге қастандық жасалды

Ресейдің импершіл саясатын ұстанатын филосов Александр Дугин мен қызы Дарья отырған көлікке белгісіз адамдар жарылғыш зат қойған. Алайда, Дугин соңғы сәтте басқа көлікке ауысқан, жарылыс кезінде оның қызы Дарья мерт болды.

Оқиға сенбіде кешке қарай Мәскеу айналма тасжолынан 25 шақырым жердегі Можай шоссесі маңында болған.

29 жастағы Дарья тізгіндеген Land Cruiser Prado жүріп келе жатып жарылып, өртеніп кеткен.

Бастапқыда көліктегі газ балон жарылды деген нұсқа қаралған, кейін құқық қорғаушылар жарылыс көлік астына қойлыған жарылғыш заттан болды деген тоқтамға келген.

Көлікке Украинадағы соғысты жақтаушы, Ресейдің импершіл саясатын қолдап, насихаттап жүрген Александр Дугин отыру керек болған. Бірақ ол соңғы сәтте басқа көлікке мініп, қызының артынан жүріп келе жатыпты.

Сарапшылар, егер бұл қасақана жасалған қастандық болса, ол Дугинге бағытталған болуы мүмкін дегенді айтып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.