arasha.kz

Өскемендегі балабақшада бүлдіршінді еденге лақтырды

Өскемендегі «Арман» балабақшасының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мектепке дейінгі мекеме қызметкері бүлдүршінді қолынан сүйреп, еденге лақтырған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Балабақшада болған оқиға әлеуметтік желіде тарап кетті.

Онда ата-ана балабақшаға барған баласының жағдайын баяндайды. Баланың мінез-құлқы өзгеріп, қорқыныш пайда болған.

Баланың ата-анасы мектепке дейінгі мекемеде орнатылған бейнебақылау камерасындағы жазбаны көріп, жаға ұстаған.

Видеода балабақша қызметкерінің бірі кішкентай баланы ұстап алып, оны еденге лақтырғанын көруге болады. Бала жылап, тәрбиешіден қашуға тырысады.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар тәрбиеші жұмыстан шығарылды. 

«Аталған факті бойынша Өскемен қаласы Ертіс ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлімінің 140-бабында көзделген «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Тиісті сараптамалар тағайындалды, – деп хабарлады облыстық ПД.

 

Exit mobile version