Біз
әлеуметтік
желіде
25-05-25 |
910 рет қаралған
Өзбекстанда келінін зорламақ болған ер адам қамалды.
Өзбекстанда келінін зорламақ болған ер адам қамалды

Ташкент қаласында ер адам келініне жыныстық сипаттағы әрекеттер жасамақ болғаны үшін бес тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлады.

Оқиға Янгихаёт ауданында болған. 49 жастағы ер адам ұлының отбасымен бірге бір үйде тұрған. Бір күні ол өз келініне қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасамақ болған.

Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдіріп, мұндай жағдайдың қайталанбайтынына уәде берген.

Сот оны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 41-1-бабы (Жыныстық қолайсыздық көрсету) бойынша кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.