
Ақсу қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтаған.
Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында қорқынышты фактілер ашылды: пансионат қызметкерлері тұрақты екі дәрменсізді ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен.
«Жәбірленушілердің бірінің жасы – 84-те. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған. Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта барлық кінәлі адамдар анықталды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
-
18.02.2025
-
18.02.2025
-
18.02.2025
-
18.02.2025
-
18.02.2025
-
18.02.2025
-
18.02.2025
-
18.02.2025
-
18.02.2025