17-06-24 |
5110 рет қаралған
Павлодарда көпшіліктің көзінше ер адамды пышақтап өлтірді.
Павлодарда көпшіліктің көзінше ер адамды пышақтап өлтірді

Павлодарда басында тақиясы бар ер адам үйдің кіре берісінде бір адамды пышақтап өлтірді. Жан түршігерлік оқиғаның видеосы желіде тарады.

«Күдікті азамат ұсталып, Павлодар қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – деді Павлодар қалалық ІІБ Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Жарас Ибраев.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Екі адам арасында жанжал болған. Осы кезде бірінің қолында пышақ болған. Бір кезде ол қарсыласын жерге құлатып, бірнеше рет пышақпен соққы жасайды.

Сосын пышағын тастамай, подъездің жанындағы орындыққа жайғасты. Оқиға  Муткенова 53 мекенжайында болғаны хабарланды.

Адамды пышақтап, өлтіріп жатқанда жанындағы адамдардың ешқайсысы көмекке келмей, қарап тұрған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.