Әлеуметтік желіде балабақшада тәрбиешінің кішкентай балаларды бірінен соң бірін ұрып-соғып жатқан видеосы тарады.
Ата-аналардың айтуынша, бұл жағдай Павлодардағы №116 балабақшада болған. Бейнежазбада тәрбиешінің бүлдіршіндерді шашынан сүйреп, итеріп, лақтырып, басынан ұрып жатқаны анық көрінеді.
«Әр кадрда оның балаларды ұрып жатқанын көруге болады! Бұл қанша уақыт жалғасқаны белгісіз, себебі кейбір жазбалар өшірілген», – деп жазды балалардың бірінің анасы.
Облыстық полиция департаменті аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ балабақша басшылығына қатысты да құқықтық баға берілмек.