
Павлодардағы зауыттардың бірінде болған оқыс оқиға қайғылы жағдайда аяқталды. 32 жастағы марқұм денесінің 90 пайызын күйдіріп алған.
Оқиға 8 маусым күні Павлодардағы «Кастинг» ЖШС мекемесінде тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша абайсызда темір балқыған қазандықтың шөміші ашылып кетіп, жұмысшының үстіне төгілген.
«8 маусымда сағат 23-те 1989 жылы туған «Кастинг» жауапгершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыскерімен өліммен аяқталған жазатайым оқиға орын алды. Қазіргі уақытта осы тергеу жұмыстары ұйымдастырылуда”, – деді Павлодар облысы бойынша еңбек инспекторы Ербол Сайфуров.
32 жастағы марқұм зауытта металл кесуші болып жұмыс істеген.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025