arasha.kz

Павлодарда үстіне балқытылған металл құйылып кеткен жұмысшы қаза болды

Павлодардағы зауыттардың бірінде болған оқыс оқиға қайғылы жағдайда аяқталды. 32 жастағы марқұм денесінің 90 пайызын күйдіріп алған.  

Оқиға 8 маусым күні Павлодардағы «Кастинг» ЖШС мекемесінде тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша абайсызда темір балқыған қазандықтың шөміші ашылып кетіп, жұмысшының үстіне төгілген.

«8 маусымда сағат 23-те 1989 жылы туған «Кастинг» жауапгершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыскерімен өліммен аяқталған жазатайым оқиға орын алды. Қазіргі уақытта осы тергеу жұмыстары ұйымдастырылуда”, – деді Павлодар облысы бойынша еңбек инспекторы Ербол Сайфуров.

32 жастағы марқұм зауытта металл кесуші болып жұмыс істеген.

Exit mobile version