Павлодардағы мейрамханалардың бірінде жаппай улану оқиғасы тіркелді.
«Г. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың жалпы инфекция бөлімшесіне қаладағы бір мекемеде өткен шараға қатысқан соң бактериалды ішек инфекциясының клиникалық белгілерімен науқастар жүгінді. Барлығы 29 адам көмек сұрады, оның ішінде 15-і ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаториялық ем тағайындалды», – деп мәлімдеді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі дүйсенбі күні.
Ведомствоның хабарлауынша, ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы орташа ауыр, улану белгілері, диарея және гипертермиялық синдром байқалған. Медициналық көмекке жүгінгендердің арасында жүкті әйел мен бір бала бар екені белгілі болды.
Белгілі болғандай, жағдай Павлодар қаласындағы Bellagio банкет залында өткен қыз ұзату кезінде болған.