27-05-21 |
1340 рет қаралған
Павлодарлық депутат Nur Otan-нан қуылды.
Павлодарлық депутат Nur Otan-нан қуылды

Медициналық тексеруден өтуден бас тартып, 15 тәулікке қамауға алынған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Әбішев Nur Otan партиясынан шығарылды. Бұл туралы партияның өңірлік филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметі Әбішев Қайрат Сансызбайұлын Nur Otan партиясы мүшелігінен шығару туралы шешім 26 мамыр күні Саяси кеңес бюросының кезектен тыс отырысындағы жарғы негізінде қабылданғанын алға тартты.

«Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» заңының 20-бабы 3-тармағының 3-1, 3-бөліктері негізінде депутаттық өкілеттік мерзімінен бұрын тоқтатылады», – деп хабарлайды Павлодар облыстық Nur Otan партиясының филиалынан.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясының мүшесі Қайрат Әбішев медициналық тексеруден бас тартқаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, сегіз жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны хабарланған еді. Ол техникалық тексеруден өтпеген Toyota Camry көлігімен жүрген. Оның үстіне ер адам өзін полицияға басқа есіммен таныстырған. Жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Осыдан кейін депутат наркологиялық диспансерге медициналық тексеруге жіберілген. Алайда Әбішев тексеруден өтуден үзілді-кесілді бас тартқан. Сот отырысында Қайрат Әбішев өзінің кінәсін мойындамады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.