28-02-21 |
1820 рет қаралған
Петропавлда анасы сабап тастаған үш жасар қыз көз жұмды.
Петропавлда анасы сабап тастаған үш жасар қыз көз жұмды

Петропавлда анасынан оңбай таяқ жеп, есін жоғалтқан үш жасар қыз бала ауруханада көз жұмды. Бүлдіршін он күн бойына есін жия алмай комада жатқан, деп хабарлайды Arasha.kz. 

Қайғылы оқиғаны  Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы растады.

Бүлдіршін 17 қаңтарда ессіз күйде ауруханаға жеткізілген. Үш жасар Саша осы уақытқа дейін комада жатқан. 27 ақпанда қыз есін жимаған күйі көз жұмды. 

Осыған дейін облыстық полиция басқармасы өз баласын аяусыз сабаған 22 жастағы келіншектің қамауға алынғанын хабарлады. Келіншек өз баласын есінен танғанша ұрып, өзі жедел жәрдем шақырған.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп, қажетті бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қазір 22 жастағы қала тұрғыны Петропавл қаласындағы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», -деді СҚО ПД басқарма бастығының орынбасары Азат Құсайынов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.