Петропавлда эвакуациялау кезінде жоғалып кеткен ер адамның денесі бір айдан кейін табылды.
«13 сәуірде 34 жастағы қала тұрғынының із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. 12 мамырда сүңгуірлер көзге көрінетін сыртқы жарақаттары жоқ ер адамның денесін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», – деді полиция.
Атап өтілгендей, тұрғындардың бірі 13 сәуірде Подгора елдімекенінде бөгетті су бұзып, шағын аудандарды кенеттен су басқан кезде ағасының жоғалып кеткенін хабарлған.