arasha.kz

Петропавлдың бірнеше кентін су басты

Петропавл қаласында Подгора шағын ауданы мен Кожевенный кентінің тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда.

Кожевенныйды таңертең сағат 10:00 шамасында су басты. Тәулік бойы кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері халыққа үздіксіз көмек көрсетуде.

Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев, СҚО ПД бастығының орынбасарлары Асқар Мұхаметқалиев пен Айдос Ідірісов су астына кетіп бара жатқан жеке секторды айналып өтіп, екі ер адамды байқаған.

Полицейлер тез әрекет етіп оларды көлікке мінгізіп үлгерді.

Құтқарылғандар Кожевенный ауылының екі тұрғыны: ағайынды Юрий және Николай Закатыриндер болып шықты. Олардың қолында мысық пен құжаттар болды.

Ер адамдар судың мұнша тез келуін күтпеген. Қазіргі уақытта олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ.

Exit mobile version