Ақмола облысында жеңіл автокөлік пен локомотив соқтығысты.
31 қазан күні сағат 22:30 шамасында Степногорск – Заводской тас жолымен келе жатқан «Ауди В4» автокөлігінің жүргізушісі бір жолды теміржол өткелінде бос үш цистернамен келе жатқан тепловозмен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, екі жолаушы ауруханада көз жұмды, тағы үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Степногорск ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.
Тергеу аясында жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024