Ақтөбеде тұрақтың директоры мен полицей көптен бері қамаудан алынбаған көліктерді саудалап келген.
«Диапазон» басылымының жазуынша бұл тұрақта қылмыстық істер бойынша айғақ ретінде қолданылатын көліктер сақталып келген. Өткен жылдың наурыз айында автотұрақтарды күзетуге арналған тендерді жеке кәсіпкер Е.М.Каманов жеңіп алған. Бір айдан кейін полицейлер бірнеше көліктің жоғалғанын байқады. Бұған патрульдік полиция взводының командирінің қатысы бар екені белгілі болды.
«Анықталғандай, Каманов тендерді жеңіп алған кәсіпкердің баласы, ал қамау лотының жаңа директоры Руслан Қожаев полицейдің жақын танысы екен. Ол мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға көмектесіп келген. Қазір бұрынғы полицейдің үстінен кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны, ұрлық және алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалып, оның досына екі бап бойынша айып тағылды», – деп жазды басылым.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024