04-05-24 |
5570 рет қаралған
Полицейлер мен арнайы жасақ арасындағы төбелестің мән-жайы анықталды.
Полицейлер мен арнайы жасақ арасындағы төбелестің мән-жайы анықталды

Интернетте полиция мен СОБР сарбаздары арасындағы төбелес туралы ақпарат пайда болды. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, жанжалға әлімжеттік себеп болған.

Оқиғаның мән-жайына полиция департаменті түсініктеме берді. Бұл өткен жылы болғаны белгілі болды.

«2023 жылы Қызылорда облысы бойынша арнайы операциялық бригаданың бірнеше қызметкері арасында жанжал болған. Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілді», – деп хабарлады Қызылорда облысының полиция департаменті.

Кінәлілер ішкі істер органдарынан босатылып, олардың тікелей басшылары қызметтерінен босатылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.