Алматы облысының прокуроры Берік Адамов тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында екенін, барлық айғақтар сараптамаға жіберілгенін айтты.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Талғар ауданындағы үйді өртеу фактісі бойынша тергеу барысы туралы хабарлады.
«Тергеу барысы туралы мен Бас прокурорға жеке есеп беремін. Бүгінде арнайы прокурорлар үйді өртеу фактісін тексеріп жатыр. Оқиға орнынан барлық айғақ заттар тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптамалардың қорытындысын күтіп отырмыз, одан кейін қосымша ақпарат беріледі», – деді Берік Адамов.
Сондай-ақ ол азаматтарды жалған ақпарат таратқаны үшін құқықтық жауапқа тарытлатынын ескертті.
«Бүгінде көптеген сенімсіз және жалған ақпараттар таралуда. Азаматтарымызға жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертемін», – деді Адамов.
Еске сала кетейік, жасөспірім Шерзат Болаттың өлімі 4 қазанға қараған түні жасалған болатын. Бастапқыда полицейлер оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталды деп мәлімдегенімен, кейін марқұмның ата-анасы бәрі бірдей ұсталмағанын хабарлады.
Қазанның 11 күні түнде белгісіз адамдар марқұмның үйін өртеп жіберген.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024