Кеше Есіл-Арқалық учаскесінің реттелетін теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы орын алды.
ҚТЖ таратқан мәліметте, тұрақты жұмыс істеп тұрған өткелдегі белгі беруге қарамастан, трактор жүргізушісі қозғалып келе жатқан пойыз алдына шығып кетіп, жол ережесін өрескел бұзғаны айтылады. Машинист шұғыл тежеуді қолданған, алайда соқтығысудын алдын алу мүмкін болмапты.
Оқиға салдарынан трактор жүргізушісі өміріне қауіп төнген жарақат алды.
«ҚТЖ автокөлік құралдары жүргізушілерін теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтауға, өткелдегі дабыл сигналдарын қатаң сақтауға және ережелерді елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін есте сақтауға шақырады», — делінген хабарламада.