27-06-24 |
4580 рет қаралған
Президент АЭС бойынша референдум күзде өтетінін айтты.
Президент АЭС бойынша референдум күзде өтетінін айтты

Атом электр стансасын салу жөніндегі жалпыұлттық референдум күзде өтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерімен кездесуде айтты.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек.

Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды», – деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.