Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президентіміздің әкесі – гвардия сержанты Кемел Тоқаевтың марапат парағын табыстады.
Жақында құпиясы ашылған құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ Кемел Тоқаевқа берілмеген.
Ол Польша жеріндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.