23-03-24 |
16330 рет қаралған
Путин: Күдіктілер Украинаға қашқан оларға шекарадан өтуге «дәліз» дайындалған.
Путин: Күдіктілер Украинаға қашқан оларға шекарадан өтуге «дәліз» дайындалған

Владимир Путин «Крокус Сити Холл» ғимаратына шабуыл жасаған күдіктілердің Украина шекарасынан өтуі үшін «дәліз» дайындалғанын айтты.

«Қылмыскерлердің төртеуі де табылып, ұсталды. Олар жасырынбақ болып, шекарадан өту үшін арнайы  дайындалған дәліз арқылы Украинаға қарай жылжыған. Біз тек қастандықпен жоспарланған лаңкестік әрекетпен ғана емес, қорғаныссыз адамдарды жаппай өлтірумен де бетпе-бет келіп отырмыз. Қылмыскерлер өлтіру үшін келген. Бір кездері нацистер сияқты, адамдарды көпшіліктің көзінше өлтіруді жоспарлаған», – деді Ресей президенті.

Оның айтуынша, Крокустағы лаңкестік әрекеттің барлық кінәлілері, ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілері әділ жазасын алады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.