03-06-24 |
1680 рет қаралған
Қайрат Боранбаев бұрынғы қызметіне қайта сайланды.
Қайрат Боранбаев бұрынғы қызметіне қайта сайланды

Істі болып, бостандыққа шыққанына көп бола қоймаған кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұлттық паралимпиада комитетінің президенті қызметіне қайта сайланғанын мәлімдеді.

«Мен Паралимпиада федерациялары өкілдерінің бірауыздан шешімімен ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Осы күні мен қолдағандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Мен үшін бұл өте маңызды қызмет. Біз Қазақстанда паралимпиадалық қозғалысты дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асыру процесіндеміз. Соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерімізге қарамастан, жоспарымыз көп», – деп жазды Боранбаев Instagram желісіндегі парақшасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.